Вакансиялар

Клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі маман (Алматы қ. және өңірлер)

Талаптар:

  • Арнайы орта немесе аяқталмаған жоғары білім;
  • Бастапқы бухгалтерлік құжаттамамен және кассалық операциялар бойынша есептілікпен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • Қолма-қол ақшамен және пос-терминалмен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • Сату және қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі шамамен бір жыл (болғаны абзал);
  • Клиенттермен қатынастар орнату машықтары, тіл тапқыштық;
  • Жауаптылық, ұқыптылық, зейінділік;
  • ДК тәжірибелі пайдаланушы (знание MS Word, MS Excel, Outlook);
  • Сауатты сөйлеу.

Міндеттері:

  • Абоненттерге компанияның қызметтері, тарифтері және акциялары бойынша кеңес беру;
  • Клиенттермен келісімшарттар рәсімдеу және қайта рәсімдеу, нөмірлерді қалпына келтіру, сим-карталарды ауыстыру және т. б.;
  • Компанияның қызметтері мен өнімдерін сату;
  • Өнімдерді пайдалануда және қызметтерді баптауда клиенттерге көмектесу;
  • Төлемдер қабылдау және есептер жасау.
Өңірлердегі желіні пайдалану тобының аймақтық инженері (Өскемен қ., Қарағанды қ., Астана қ., Атырау қ.)

Міндеттері:

  • өңірдің радио және трансмиссиялық желісі мен коммутаторын пайдалану және қызмет көрсету;
  • желідегі апатты талдау және мониторинг жасау;
  • бөлімше бойынша қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын жоспарлау және бақылау;
  • бөлімшенің үдерістері мен жұмысын ұйымдастыру, бақылау және талдау.

Талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
  • басшылық лауазымда жұмыс тәжірибесі;
  • телекоммуникация саласындағы жабдықтар мен жұмыс істеу қағидаттарын білу;
  • жеке автокөлігінің болуы;
  • жеке қасиеттері: жауаптылық, ұқыптылық, тіл тапқыштық, мақсатқа талпынушылық.
Энергетика және климатехника инженері (Ақтөбе қ.)

Талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • телекоммуникациялар саласындағы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес;
  • энергетика саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • электрлік және гидравликалық сұлбаларды оқу машықтары;
  • электр қондырғылары мен электр жабдықтарын монтаждау, орнату, баптау, ретке келтіру және тексеру машықтары;
  • жеке қасиеттері: жауаптылық, ұқыптылық, тыңғылықтылық;
  • жеке автокөлігінің болуы.

Міндеттері:

  • коммутаторлар мен базалық станцияларды энергиямен қамтамасыз ету және суықпен қамтамасыз ету жабдығына қызмет көрсету және мониторинг жасау;
  • апаттарды жою;
  • жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу;
  • мердігер ұйымдармен жұмыс жасау;
  • орындалған жұмыстарды тексеру және қабылдау;
  • АЭЖ желілерімен энергиямен қамтамасыз етуге арналған шарттардың мерзімін ұзарту.
DBА жетекші әкімшісі

Талаптар:

  • жоғары білім (IT);
  • Oracle 8i, 9i, 10g,11g деректер қорын әкімшілеу тәжірибесі;
  • enterprise Manager, резервтік көшіру/қалпына келтіру, RMAN, DataGuard + standby databases;
  • өнімділікті баптау, ASM, әзірлеушілерді қолдау;
  • ОЖ білу: MS Windows , UNIX.

Міндеттері:

  • Деректер қорының қолжетімділігімен байланысты белсенді әрекеттер және мониторинг;
  • Деректер қорының өнімділігімен байланысты белсенді әрекеттер және мониторинг;
  • ДҚ пайдаланушыларын әкімшілеу жөніндегі жұмыстар;
  • ДҚ резервтік көшіруді баптау және сүйемелдеу;
  • жаңа ДҚ өрістету және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстар;
  • RMAN;
  • Active data guard;
  • SQL сауалдар, нұсқа деңгейіндегі ДҚ өнімділігін баптау;
  • 24*7 тәртіптемесінде ДҚ қолдау;
  • жобаларға қатысу;
  • қажетті құжаттама жүргізу;
  • ағымдағы конфигурацияларды оңтайландыру немесе қайта құру бойынша ұсыныстар;
B2В өнімдері жөніндегі менеджер

Талаптар:

  • Жоғары математикалық, қаржылық, экономикалық білім;
  • Мобильді операторлардың бизнес нарығындағы өнім жөніндегі менеджер ретінде жұмыс тәжірибесі 2 жылдан бастап. Өнімді әзірлеу мен қаржылық тиімділігін есептеуден бастап, өнімді жылжыту мен іске қосудың нәтижелерін талдауға дейін – корпоративтік клиенттерге арналған өнімдердің толық тіршілік кезеңін басқарудағы практикалық тәжірибе. B2B клиенттерге арналған жобалар мен жаңа қызметтерді іске қосу тәжірибесі.
  • Телекомдағы баға белгілеу қағидаттарын білу.
  • Телекомдағы корпоративтік нарыққа арналған өнімдердің бағасын белгілеу тәжірибесі.
  • Өнімдердің (мобильді оператордың тарифтерінің, қызметтерінің) қаржылық тиімділігіне талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша дұрыс қорытындылар жасау.
  • Қазақстанның, ТМД елдерінің телеком нарығын талдау, бәсекелестердің ұсыныстарына жедел мониторинг жасау.
  • Тарифтерді, қызметтерді, жеңілдіктерді, промо-ұсыныстарды, жылжыту жоспарларын және т.б. әзірлеу тәжірибесі. Мобильді операторларда тарифтерді/қызметтерді іске қосу бойынша бизнес-кейстер құру тәжірибесі.
  • Excel-ді үздік меңгеру, үлкен ауқымды деректерді оңай өңдеу қабілеті, графиктер мен жиынтық кестелер құру, Power point-та таныстырылымдар жасау бойынша үздік машықтар.
  • Excel құралдарының көмегімен деректерді болжау мен талдаудың үздік машықтары.
  • Ағылшын тілін Upper-intermediate деңгейінен төмен емес білу.
  • Талдағыш ақыл құлқы, пайымдау қисындылығы, тіл тапқыштық, жақсы таныстыру машықтары, ашықтық, жауаптылық, ынтагерлік, үйренуге бейімділік.

Міндеттері:

  • B2B нарығы үшін мобильді оператордың жаңа өнімдерін (тарифтер, қызметтер, промо-акциялар және т.б.) іске қосу және қаржылық тиімділігін есептеу.
  • Бизнес-кейсті есептеу, қаржылық және коммерциялық нәтижелерін жоспарлау.
  • Өнімдерді енгізу жөніндегі бұйрықтарды дайындау, POSm үшін ақпарат дайындау.
  • Іске қосылған өнімдерге пост-талдау жүргізу, жоспарлардан ауытқуларды талдау, ауытқуларды жою және т.б.
  • Нарықты және бәсекелестердің ұсыныстарын талдау. Басшылыққа таныстырылымдар дайындау.
  • Биллинг мамандарымен, есептілік тобымен және сату, маркетинг, қызмет көрсету департаментімен, техникалық қызметпен өзара әрекеттесу.
MFS өнімдері жөніндегі менеджер

Талаптар:

  • Мобильді операторларда / қаржы ұйымдарында мобильді қаржы сервистері саласында Project менеджер ретінде жұмыс тәжірибесі 2 жылдан бастап.
  • Телекомда мобильді қаржы сервистерін іске қосу және сервистердің толық тіршілік кезеңін басқару бойынша практикалық тәжірибе.
  • Мобильді операторларға арналған электрондық коммерция шешімдерін жеткізушілерді білу, жеткізушілермен өзара әрекеттесу тәжірибесі, оңтайлы жеткізушіні таңдау тәжірибесі.
  • Мобильді қаржы сервистері саласындағы VAS өнімдерінің роадмэпін сәтті іске асыру тәжірибесі. Келешегі мол VAS өнімдерін түсіну.
  • Телекомдағы баға белгілеу қағидаттарын, мобильді оператор желісінің құрылымын білу.
  • Сервистік компанияның P&L құрылымын білу.
  • Жобаларды басқару жөніндегі бағдарламаларды, Excel-ді меңгеру, Power point-та таныстырылымдар жасаудың жақсы машықтары.
  • Ағылшын тілін Upper-intermediate деңгейінен төмен емес білу (шетелдік жеткізушілермен тілдесу, ағылшын тілінде таныстырылымдар дайындау және қорғау керек).

Лауазымдық міндеттері:

  • Мобильді операторда мобильді қаржы сервистерін іске қосу бойынша роадмэп-ті іске асыру. Жоспарланған жобалардан әсерді цифрлау, уақытылы роадмэп орындау.
  • Телекомдағы жаңа трендтерді талдау, жаңа шешімдер ұсынатын серіктестермен кездесу, келешегі мол ұсыныстарды бөліп қарау мүмкіндігі.
  • Іске қосылған жобалар бойынша пост-талдау, басшылық үшін таныстырылымдар дайындау.
  • Жайғасым шеңберінде биллинг, топтық есептілік, сату, маркетинг, қызмет көрсету департаменті, техникалық қызмет, заң қызметі мамандарымен өзара әрекеттесу міндетті.
Жалақы есептеу жөніндегі жетекші бухгалтер

Міндеттері:

  • Жалақы есептеу және есептеп шығару;
  • Демалыс ақысын, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды, сыйлықақы төлемдерін, үстеме жұмыс үшін төлемдерді және т.б. есептеу;
  • Статистикалық есептер жасау және тапсыру;
  • Салық комитеті үшін деректер жасау және тапсыру;
  • Шоттардың жұмыс жоспарын, ішкі бухгалтерлік есептілікке арналған құжаттардың нысандарын әзірлеуге қатысу.

Талаптар:

  • Жоғары білім;
  • Осыған ұқсас жайғасымда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
  • Бухгалтерлік есеп, еңбек заңнамасы, ХҚЕС, салық заңнамасы қағидаттарын білу;
  • Жалақы бойынша барлық салықтар мен аударымдарды есептеу алгоритмдерін білу;
  • МS Office (Excel – сенімді түрде пайдаланушы), 1С 8 қосымшаларын, Банк-Клиент жүйесі бойынша электрондық бағдарламаларды еркін меңгеру;
  • Ағылшын тілін меңгеру (артықшылық болады)
Жалгерлік жөніндегі аға маман (Астана қ., Қостанай қ.)

Талаптар:

  • жоғары білім;
  • жалгерлік шарттармен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • клиенттермен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • келіссөздер жүргізу машықтары;
  • компьютерлік сауаттылық;
  • автокөлігінің болуы;
  • тұлғалық қасиеттері: тіл тапқыштық,
  • жауаптылық, тәртіптілік.

Міндеттері:

  • келіссөздер жүргізу;
  • жалгерлік шарттарды жасау және сүйемелдеу;
  • жалданған жайғасымдар бойынша есептер жасау.
Техникалық қолдау жөніндегі аға инженер

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім
  • Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
  • Күрделі техникалық жүйелерді пайдалану және баптау машықтары
  • АТ-ға арналған технологиялар мен жабдықтардың кең ауқымы туралы түсінігі болу, соның ішінде кеңсе техникасын, ҚКЖ, өзге кеңсе жабдықтарын қоса алғанда;
  • Желілік технологияларды білу;
  • Бағдарламалық жасақтаманың кең ауқымы туралы түсінігі болу.

Міндеттері:

  • Пайдаланушылардың өтінімдерін қабылдау, тіркеу, өңдеу / орындау, бағдарлау;
  • Жұмыс станцияларын, принтерлерді және сканерлерді бастапқы орнату, тексеру және орналастыру.
  • Жұмыс станцияларын желіге қосу және жұмыс станцияларындағы желілік мәселелерді жою.
  • Жұмыс станцияларындағы стандартты және үстеме қосымшаларды орнату, жаңарту және қолдау.
  • Операциялық жұйелердің жұмысындағы, жұмыс станцияларының стандартты және үстеме қосымшаларындағы мәселелерді жою.
  • Жұмыс станцияларында қосымша жабдық орнату және жаңғырту.
  • Қолданыстағы IТ инфрақұрылымын (ДК, ноутбуктер, мобильді құрылғылар, кеңсе техникасы және т.б.) қолдау.
  • Кепілдікті жөндеуге немесе шығынға жазуға жататын жабдықты жауапты тұлғаға (Материалдық құндылықтарды есепке алу және логистика жөніндегі инженерге) табыстау.
  • Компьютерлік техниканың жекелеген құрылғылары мен тораптарын тексеріп қарау бойынша профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру, ақаулықтарды уақытылы анықтау мақсатында сынақ тексерулерін жүргізу.
  • Пайдаланушыларды қолдау бойынша материалдар: нұсқаулықтар, каталогтар және т.б. жасау
  • Қолданыстағы сервистер туралы ақпаратты жинау,талдау және ұсыну (Интернетке қол жеткізуді ұсыну, пошталық жәшіктер ашу, аккаунттарды тіркеу және т.б.).
  • Орнатылған жабдық, бағдарламалық жасақтама туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсыну.
Ішкі аудит жөніндегі аға маман

Талаптар:

  • жоғары қаржылық / экономикалық білім;
  • ішкі аудит саласындағы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес;
  • бухгалтерлік есеп қағидаттары, IFRS, ішкі аудит негіздері саласындағы білім;
  • ағылшын тілін білу;
  • ДК сенімді түрде пайдаланушы.

Міндеттері:

  • ішкі бақылаулар жүйесін бағалау және тестілеу үдерістерін орындау;
  • ішкі бақылаулар жүйесін жақсартуға қатысты ұсынымдарды әзірлеу және келісу, ұсынымдардың орындалу жағдайларын тексеру;
  • Компания бөлімшелерімен ұсынылатын қаржылық ақпараттың толықтығы мен дәйектілігін, оны тексеру мен жіктеу әдістерін және оның негізінде есептілік жасау тәртібін тексеру;
  • Компания бөлімшелері тарапынан өз қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау функцияларының орындалуын, олардың басшылық нұсқауларына, рәсімдерге және қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру. Бизнес-үдерістерді ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
  • активтердің сақталуына бақылау жасалуын бағалау және қажет болған жағдйда аталған активтердің болуын растау;
  • фродты анықтауға және алдын алуға бағытталған тиімді шараларды бағалау;
  • іске асырылған жобалар бойынша есептілікті тұрақты түрде дайындау.
ТМҚ жөніндегі бухгалтер

Талаптар:

  • Жоғары білім (бухгалтерлік, экономикалық)
  • Бухгалтер ретінде жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес, түгендеулер жүргізу тәжірибесінің болуы, 1С: Бухгалтерия 8.2 нұсқасы бағдарламасын меңгеру, компьютер мен MS Office бағдарламаларын сенімді түрде пайдаланушы, электрондық шот-фактураларды білу, жалақы телімі саласындағы машықтары мен білімі болу.
  • Тіл тапқыштық, зейінділік, жинақылық, нәтижеге көзделушілік, үлкен ауқымды ақпаратпен жұмыс жасау қабілеті.

Міндеттері:

  • Бастапқы құжатты қабылдау, тексеру және бақылау.
  • Қызметтердің келіп түсуімен, ТМҚ қозғалысымен және шығынға жазылуымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету.
  • Кредиторлық және дебиторлық берешекті бақылау
  • Сенімхаттар жазып беру
  • ТМҚ бойынша түгендеулер жүргізу
  • КЖМ, КҚ бойынша есептер тапсыру
  • Жеткізушілермен салыстырып тексеру актілерін қалыптастыру, қол қою
В2В супервайзері (Астана қ.)

Талаптар:

  • Жоғары (IT немесе экономикалық, маркетинг)
  • Сату саласындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан бастап, басшылық жайғасымындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес;
  • Жақсы коммуникатор және келіссөз жүргізуші.
  • Басымдықтарды қоя біледі және маңызды нәрселерге баса назар аудара біледі
  • Жоспарлау машықтары, жоғары деңгейдегі ұйымдастыру қабілеті бар.
  • Жауапты, дербес, ынталы, үйірімпаз. Мәселені емес, шешімін іздейді. Команданың есебінен емес, командамен бірге нәтижелерге қол жеткізеді.

Міндеттері:

  • Өңірдегі құрылымдық бөлімшені басқарады.
  • Бизнес-сегментті дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және жүргізеді, филиалда қолдану үшін әрі қарай талдау және бейімдеу мақсатында тәжірибені жинақтайды.
  • B2B сегментінің клиенттерін талдайды, саралайды, ұсынылатын қызметтерді пайдалану жолымен клиентке бизнесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін кешенді шешімдер әзірлейді, сондай-ақ Компанияның филиалында осы функциялардың орындалуын бақылайды.
  • Жаңа клиенттер тарту және Компанияның саладағы қатысу үлесін ұлғайту жөніндегі жұмыс топтарын құруды бастама етіп көтереді және клиенттерді тарту, түсімді арттыру мақсаттарына қол жеткізу үшін осы топтардың қызметін үйлестіреді.
  • Сату және клиенттерді тарту үдерістерінде жақсартулар ұсынады және іске асырады
Сатып алу жөніндегі менеджер

Талаптар:

  • жоғары білім;
  • халықаралық компаниядағы сатып алу бөлімінде жұмыс тәжірибесі немесе қаржы/коммерция секторындағы сауда мәмілелерімен жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 1-3 жыл;
  • ағылшын тілін білу;
  • MS Office бағарламаларын білу;
  • жобалар жүргізуді білу, тендерлер өткізу қабілеті.

Міндеттері:

  • шығындарды түрлері бойынша бөлу/саралау үдерісіне қатысу;
  • тауарлар мен қызметтер нарығына шолу жасау және топтың сатып алу қағидаттарына негізделген салыстырмалы баға талдауын ұсыну;
  • баға ұсынуға арналған сауалдарды дайындау және жергілікті нарықта тендер өткізу;
  • топтың орталық кеңсесінің сатып алуларына қатысу;
  • берілген ұсыныстарды бағалау және жеткізушілерді, келісімшарт талаптарын және бизнес-ұсынымдарды бағалау;
  • негізгі ТМҚ құралдарын жеткізуге және қызмет көрсетуге арналған шарттардың талаптарын жақсарту бойынша келіссөздер жүргізу;
  • шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, міндеттемелер орындалмаған жағдайда жеткізушілерге кінәрат-талааптар ұсыну үшін наразылықтар дайындау.
Веб-әзірлеуші

Міндеттері:

  • MEAN арқылы инфрақұрылымның өз бетінше өрістетілуімен логика жазу және беттеу
  • Қолданыстағы веб-шешімдерді жөнге келтіру
  • Жаңа UI әзірлеу
  • Жобаларға қатысу

Талаптар:

  • Жоғары білім
  • MEAN stack-пен жұмыс тәжірибесі
  • markup: HTML5, CSS3 (LESS), Bootstrap сенімді түрде білу
  • JavaScript, желательно TypeScript үздік білу
  • webpack, browserify, gulp-мен жұмыс тәжірибесі болғаны абзал
  • AngularJS / React фреймворктарды білуі міндетті
  • RESTful, SOAP, WebSockets-пен жұмыс тәжірибесі
  • Серверлік сәулет пен оңтайландыруды түсіну
  • Нұсқаларды бақылау құралдарын міндетті түрде пайдалану
Сall-орталық операторы

Қойылатын талаптар:

  • Орта немесе аяқталмаған жоғары білім;
  • Сауатты сөйлеу және анық дикция;
  • Байланысқа бейімділік, сабырлылық және позитивті ойлау;
  • Көп көлемді ақпаратпен жұмыс жасай білу дағдысы;
  • Қазақ және орыс тілін білу;
  • Клиенттерге қызмет көрсетудегі жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес.

Міндеттері:

  • Компанияның Тарифтік жоспарі, қызметтері және науқандары юойынша ақпараттар ұсыну;
  • Өнімдерді пайдалану және қызметтерді реттеуде клиенттерге көмек көрсету;
  • Клиенттердің сұрауларын өңдеу және ақпараттарды деректер базасына енгізу;
  • Қоңырау шалғанда оңды эмоциялық көңіл-күйде болу.